Оның аясында 6,2 млрд теңге сомасына 299 кооператив қаржыландырылды.
«Тұтастай алғанда, жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру ауыл шаруашылығы техникасын бірлесіп пайдалану түрінде, сондай-ақ кооперативтер арқылы өнім өндіруді және оны өткізуді ұлғайту мүмкіндігінде өзіндік артықшылықтарға ие, бұл болашақта өндірілген өнімді сауда базарларының, қала дүкендерінің сөрелеріне шығаруға мүмкіндік береді»,-деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков.
Осыған байланысты, бағдарлама шеңберінде кооперативтер құруды ынталандыру үшін кредиттеудің ең жоғары сомасы 8 мың АЕК – ке дейін ұлғайтылған кооперативтерге кредит беру көзделген. Бүгінгі таңда бұл сома 29,5 млн теңгені құрайды.