Аягөз гарнизонында әскери қызметші көз жұмды
Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлап, ресми мәлімдеме жасады.
Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі және лауазымды тұлғалар Қылмыстық кодекс және Тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылатын болады, — деп хабарлады министрлік.
Оқиға 13 маусым күні болған. Оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік ережелері сақталмағандықтан Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жарақат алып, көз жұмған.