• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Азаматхан Әміртаев: «АЭС-ті таңдау – қазақстандықтардың ортақ жеңісі»

Азаматхан Әміртаев: «АЭС-ті таңдау – қазақстандықтардың ортақ жеңісі»

8 октября, 2024 Басты тақырып

Жылдың басты жаңалығына айналған референдум нәтижесінде АЭС салуды қолдайтындар мен қолдамайтындар таразының басында тең түсті ме? Халқымыз өз болашағы үшін таңдау жасауда қаншалықты белсенді болды? EXIT-POLL мәліметіне сәйкес дауыс берушілердің 72,3 % атом электр станциясының салынуын қолдайтыны белгілі болды. Елімізде дауыс беру құқығына ие 12 224 683 адам болса, оның тек 7 820 918-і дауыс беруге келген.

Президенттің соңғы Жолдауында талқыға түскеннен бері Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы АЭС салудың салдары мен себептеріне тоқталып, экологиялық оң шешім екенін кәсіби мамандар арқылы халық арасына кеңінен таратуға атсалысқаны жасырын емес. Референдум алдында партия барлық филиал қызметкерлерімен бірге 100-ден аса түрлі іс-шара өткізіп, экологиялық сауатты ашу мақсатында сұрақтарға жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Байтақ» жасылдар партиясы елімізде 1 атом электр станциясын салу жеткіліксіз, келешекте кемі 3 станция болуы керек деп есептейді. Партия төрағасы Азаматхан Әміртаевтың айтуынша, атом генерациясы 6 гигаваттан асса, ол тек қуат көзін беріп қана қоймай, экологиялық миссияны еңсеруге сеп. Еліміздің алдында 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптыққа көшу міндеті тұр. Яғни қазіргі таңда жылу электр станциаларынан ауаға шығып жатқан млн тоннаға дейінгі көмірқышқыл газы, ол тұрған жердің ластануы мен су айдындарына төгіп жатқан өндірістік қалдықтан қоршаған ортаға орасан зор залал келіп жатыр. «Байтақ» партиясының өкілдері былтыр Дубайда өткен Климаттың өзгеруі жөніндегі 28-конференцияның ұсынысын алға тартып отыр. 100 ден астам елдің президенттері қатысқан экологиялық форумда энергетика арқылы экологиялық проблемаларды шешу жолдары ұсынылған еді.

Мәселен, Астанада ұйымдастырылған KazAtomExpo Халықаралық ядролық технологиялар көрмесінде Қазақстандық «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев атом энергиясының маңыздылығына тоқталып өтті. «Жаһандық энергетикалық дағдарыстар мен климаттың өзгеруіне байланысты энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету еліміз үшін негізгі басымдыққа айналуда. АЭС ішкі қажеттіліктерді де, экспорттық әлеуетті де, тұрақты энергетикалық секторды да қамтамасыз етуге қауқарлы» деп мәлімдеді жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев.

Экологиялық мәселелерге мән беріп, жауапкершілік жүгін арқалап жүрген партия төрағасының айтуынша, АЭС салу энергетикалық қауіпсіздік, ұзақ мерзімді экономикалық тұрақтылық, атом энергетикасының экологиялқ тазалығы, өндірістік қалдықты барынша азайту сынды нәтижелі шешімдерді ұсынады. «Айта кетейік, атом энергетикасының артықшылықтарының бірі оның парниктік газ қалдықтарын аз шығаруы. Көмір станциялары жыл сайын атмосфераға мыңдаған тонна CO2 шығарады, ал АЭС іс жүзінде электр энергиясын өндіру процесінде көмірқышқыл газын шығармайды. Бұл атом энергиясын климаттың өзгеруіне және көміртегі бейтараптығы стратегиясының орындалуына қарсы жаһандық күресте маңызды құралға айналдырады. Бұл тезистің төңірегінде талқылау жүргізген әлемнің 100-ден астам президенті өткен жылы Дубайда өткен ССО 28 конференциясында бас қосты. Біздің партия делегациясы оған қатысып, осы мәселедегі ортақ шешімге куә болды. Әрине, шешім – атом электр станциясының энергиясын таңдау» дейді Азаматхан Әміртаев.

Сонымен қатар түрлі қауiптерге қарамастан, қазiргi заманғы АЭС барлық қажеттi қауiпсiздiк стандарттарын сақтаған кезде қоршаған ортаның экологиялық тазалығына мейлiнше аз әсер етедi. Қазіргі заманғы технологиялар қалдықтардың көлемін едәуір қысқартуға, ал кейіннен оларды қолданудың сенімді әдістерін әзірлеуге мүмкіндік береді екен. Әрі АЭС салу елімізде инвестицияларды тарту және технологияларды дамыту, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, атом энергиясын жауапкершілікпен пайдалану, транспаренттілік және халықтың қатысуы сынды маңызды міндеттерге жол ашады. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы еліміздің әрбір азаматы осы жобаның қауіпсіздігі мен экологиялық тазалығына сенімді болуы үшін дайын қоғамдық тыңдаулар, ашық кеңестер мен талқылаулар өткізуді талап ететінін айтты. «Біз атом электр станцияларын салу мен пайдалануға қатысты қоғам мен тәуелсіз сарапшылардың қатысуын қамтамасыз ететін механизм құруымыз керек. Аталған жоба елімізді сапалы өмір, дамыған болашақ, таза қоршаған ортамен қамтамасыз ететін Қазақстанның энергетикалық стратегиясының маңызды элементіне айналатынына сенімдіміз» деп қорытындылады партия төрағасы.

Айта кетейік, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы АЭС құрылысына байланысты қауіпсіздік, экологиялық тазалық, ашықтық, кәсібилік және басқа да факторларды түсіндіру бағытында үздіксіз ақпараттандырып келеді. Таза, қауіпсіз энергияны қолдайтын басшы көмір электр станцияларының атмосфераға тигізетін зиянына да назар аударды.

«Көмір отыны энергиясының ауаға жіберетін қалдығы көп. Мысалы, Теміртау, Балқаш, Алматы, Астана сияқты қалаларда демалатын ауа жоқ. Біз атом электр станциясының энергиясын таза, жасыл энергия көзі деп санаймыз. Халыққа осыны жеткізгіміз келеді. Ел осыны түсінсе дейміз. Атом электр станциясы – ғылымның жетістігі. Бұл жетістікті, осы бағыттағы барлық ғылыми ресурстарды дамытуымыз керек. Мәселен, әлемдегі ең үлкен уран шығаратын мемлекетпіз деп мақтанамыз. Бірақ оны біз шикізат ретінде ғана сатудамыз. Ал оны өңдеп, одан энергия алып, жақын елдерге экспортқа шығарсақ, мемлекеттік бюджетке қаншама пайда әкеледі. Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ, тіпті, Еуропа елдері өздеріне жеке атом электр станциясын салып жатыр. Бір ғана АҚШ-та 99 электр станциясы бар. Жапонияда атом, Оңтүстік Кореяда мини атом электр станцияларын қалаларға ғана емес, көше-көшені түгендеп салуда. Бұл аталған станцияның қауіпсіз екенін дәлелдейді. Ғылымда қателікпен жұмыс жасау деген қағида бар. Иә, ХХ ғасырларда ғылымға қарамастан туындаған белгілі бір апаттар бар болғанмен, оның барлығы ғалымдар тарапынан талқыланып, кемшіліктер жойылған. Атом электр станциясы «су-су» технологиясын пайдаланады. Ал әлемдік тәжірибеде аталған технологиясымен жасалған реактордың бірде бірінде апат болмаған. Сонымен қатар атом электр станциясымен уранды 4-5 % ғана байытуға болады. Демек ешқандай жарылыс қаупі жоқ. Бұл ақпаратты, шындықты қазақстандықтарға жеткізу – партиямыздың борышы» дейді.

23 тамызда «Байтақ» жасылдар партиясының Алматы қалалық филиалының конференция залында «Қазақстанда АЭС салудың ерекшеліктері» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға Ядролық физика институтының бас инженерінің орынбасары мен «Байтақ» жасылдар партиясының мүшелері қатысты. Жиын барысында қатысушылар Қазақстанда АЭС салудың маңыздылығын, оның болашағы мен экономикалық әсерін талқылады. Әсіресе, экологиялық қауіпсіздігі мен халық арасында туындаған алаңдаушылықтарға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар Асхат Бекбаев атом электр станциясы құрылысының ерекшеліктері туралы кеңінен ақпараттандырып, артықшылықтарына тоқталды. Оның айтуынша, АЭС салу туралы мәселе мұқият өлшеуді қажет ететін бірқатар стратегиялық және экономикалық факторды қамтиды.

«АЭС салу арқылы энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізе аламыз. Атап айтсақ, ол меншікті атом электр станциясы энергия тасымалдаушылардың импортына тәуелділікті азайтуға, елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға және энергетикалық ресурстарды неғұрлым икемді басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, АЭС металлургия, химия және машина жасау сияқты энергияны көп қажет ететін салаларды дамытуға қуатты ынталандыру бола алады. Жаңа жұмыс орындарын да атап өтпеске болмайды. Бұл ел экономикасына оң әсер етеді. Атом электр станцияларын салу және пайдалану жаңа технологиялар мен ғылыми зерттеулерді дамытуды талап етеді, бұл елдің технологиялық жабдықталу деңгейін арттырады. Одан бөлек, парниктік газдар шығарындыларын азайта аламыз. Себебі атом энергетикасы төмен көміртекті болып келеді. Бұл Қазақстанға парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және климаттың өзгеруіне қарсы күреске өз үлесін қосады» деді ол.

Сонымен қатар 29 тамыз күні «Байтақ» жасылдар партиясының Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен АЭС салудың нәтижесі мен оған тартылатын мамандарды даярлау жөнінде кеңінен талқыланған отырыс өтті. Шараға академик Абай Оразұлы, ғалым Ерлан Қыдырбаев, модератор Асқар Иманалиев, «Байтақ» партиясының Алматы қалалық филиал төрағасы Жұмабек Бастаубаев, «Ядролық, радиациялық және экологиялық қауіпсіздік» департаментінің директоры Мұрат Төлегенов қатысып, ойларымен бөлісті.

Сала мамандарының айтуынша, «Ядролық физика» институтында ғылыми-зерттеу жұмыстарына, сондай-ақ өнеркәсіп пен ядролық медицина үшін радиоизотоптарды өндіруге арналған ВВР-К ғылыми-зерттеу реакторы бар. Зерттеу реакторының жұмыс принципі қысымды сумен жұмыс істейтін атом электр станцияларымен бірдей. ВВР-К жылу қуаты 6 МВТ болса, атом станциясының қуаты 1000 МВт. Демек VVR-K зерттеу реакторын басқаратын мамандар атом электр станциясын да басқара алады. Бірақ атом электр станциясының штаты ғылыми-зерттеу реакторының штатынан салыстыруға келмейтіні анық.

Атом электр станцияларында жұмыс істеу үшін әртүрлі мамандар қажет. Ядролық физиктер әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде және Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде білім алмақ. Ал ядролық физика институтында арнайы радиациялық қауіпсіздік, бұзылмайтын сынақтар және ядролық қауіпсіздікке арналған үш орталық бар.

19 қыркүйекте BAYTAQ жасылдар партиясы АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штабында конференция өткізді. Партия төрағасы Азаматхан Әміртаевтың тапсырмасымен экология жанашырлары халықтық штабта бас қосып, АЭС Қазақстанға не береді, оның қандай мүмкіндіктері бар, деген сауалдарға жауап іздеді. Аталмыш шараға партия өкілдерінен бөлек, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Айта кету керек, өңірлер бойынша науқанға қатыстқандардың басым бөлігі Қызылорда облысында, облыстың 82,48 % дауыс берген. Ал ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласында тіркелген. Алматылықтардың тек 25,39 пайызы ғана қатысқан. Бұл көрсеткіштер қазақ халқының өзінің, ұрпағының болашағы үшін нақты таңдау жасауда, өз құқығын пайдалануда әлі де немқұрайлы екенін көрсеткендей.

Оқылып жатыр

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

22 жастағы шымкенттік ару Miss Qazaqstan 2025 атанды

Алматыда 370 млн теңгені иемденіп алған сот орындаушысы сотталды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

Басты тақырып 5 декабря, 2025

Астана. 5 желтоқсан. BM.KZ — Тыңдау қорытындысы Алматы облысы мәслихатының қарауына жіберіледі, деп хабарлайды Атом…

Қасым-Жомарт Тоқаев «Мейірім» орденін тағайындады

5 декабря, 2025

Алматыда сот Қожамжаровтар отбасының мүлкін бұғаттады

5 декабря, 2025

22 жастағы шымкенттік ару Miss Qazaqstan 2025 атанды

5 декабря, 2025

Алматыда 370 млн теңгені иемденіп алған сот орындаушысы сотталды

5 декабря, 2025

Мерц АҚШ-қа Ресей активтерін беруге қарсы шықты

5 декабря, 2025

46 жалған диплом: дипломдар енді тек QR-код пен бірегей нөмір арқылы тексеріледі

5 декабря, 2025

Мэттью Перридің өлімі: актердің дәрігері 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында мыңнан аса жарылғыш затты жойды

5 декабря, 2025

Шымкенттік дәрігерлер салмағы 700 грамм нәрестені аман алып қалды

5 декабря, 2025

БҚО-да кішкентай қызды зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Ақмолада үш күн бұрын жоғалған азаматтың денесі өзен жағасынан табылды

5 декабря, 2025

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді

5 декабря, 2025

26 жастағы әйелді өлтірген 11 сынып оқушысы сотталды

4 декабря, 2025

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау тетіктері күшейтілді

4 декабря, 2025

Алматыда жер сілкінді

4 декабря, 2025

Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейді

4 декабря, 2025

Жезқазғанның су инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді — Үкімет

4 декабря, 2025

ШҚО-да мас күйде көлік жүргізбеуге шақыратын ескерткіш орнатылды

4 декабря, 2025

Ақтөбеде авиазауыттың экс-басшысы 110 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

4 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.