Азаматтардың жеке деректерінің жариялануына қатысты қылмыстық істерді тергеп жатқанын айтқан Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) «шетел арнайы қызметінің оқиғаға қатысы анықталмағанын» мәлімдеді Ведомствоның хабарлауынша, қазір «зиянкес бағдарламалар мен бағдарлама өнімдерін жасау, пайдалану немесе тарату» бойынша сотқа дейінгі үш қылмыстық іс жүргізіліп жатыр. Өткен айдың ортасында GitHub порталына қазақстандық қолданушылардың жеке деректері жарияланып кеткені жөнінде мәлімет тараған еді. Болжам бойынша, мәліметтерді ақпараттық қауіпсіздік саласында қызмет көрсететін қытайлық I-Soon компаниясы жинаған. Мәселе аталған компанияның тыңшылық бағдарламасы жөнінде болуы мүмкін. Мәліметте Beeline, Tele-2, «Қазақтелеком» абоненттерінің деректері де бары хабарланды. Бұған дейін I-Soon компаниясының Қытайдың арнайы қызметіне қатысы бары айтылған еді.
Трендте
- Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді
- Енді таксилерге тағы бір міндет жүктелмек
- Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты
- Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды
- Қостанай атауының өзгерді ме?
- Солтүстік Корея жауынгерлері Украинамен соғысуға аттанып жатқаны рас па?
- Талғарда күдікті изолятордан қашып кетті
- Қорғаныс министрлігі грантқа ие болған сарбаздардың тізімін жариялады