6 қазан күні республикалық жалпыхалықтық референдумда «Байтақ» партиясы референдумда таңдау жасады.
Таң атысымен «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев өз учаскесіне келіп, референдумда дауыс берді. Оның сөзінше бұл науқан елдің болашағына тікелей әсер етеді және оған барша қазақстандық атсалысуы керек.
Одан кейін партияның орталық аппарат мүшелері, аймақтағы филиал басшылары мен жасылдар партиясының өкілдері де дауыс беруге қатысты. Осылайша түске дейін партияның орталық және филиал төрағалары, саяси кеңес және бюро мүшелері толықтай дауыс беріп үлгерді.
Референдум жалпыға берілген мүмкіндік екенін жақсы білетін, табиғатқа жанашырлықпен қарайтын партия осылайша республикалық науқаннан шет қалған жоқ.