Су тасқыны болған сәттен бастап «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы партияластарына үндеу жасаған болатын Нәтижесінде партияның филиал басшылары су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұрақты жұмыс істеп келеді. Партияның орталық аппаратында құрылған штаб барлық жұмыстарды үйлестіріп отырды. Бүгінде әр өңірдегі және Астана, Алматы, Шымкент қаласындағы филиалдары гуманитарлық көмектерді үздіксіз жолдауда.
Редакциямыздың сұрағына жауап берген партия басшысы Азаматхан Әміртаев «Қазір партияға, саясатқа бөлініп, бірімізден-біріміз көріп отыратын уақыт емес. Бүгін Президентіміз халыққа үндеуін жолдады. 80 жылда болмаған табиғи апат болып жатыр. Мұндай кезде елдігімізді, бірлігімізді білдіріп, Президентімізді қолдап, су тасқынының алдын-алуға, зардап шеккендерде көмектесу азаматтық міндетіміз деп білемін. Осыған байланысты біздің орталық аппарат пен партия филиалдарының басшылары тұрақты түрде жұмыс істеп жатыр. Бұл жұмысты алда жалғастыратын боламыз деді.
Естеріңізге сала кетсек, кеше ғана Астанада «Байтақ жасылдар партиясының бастамасымен су тасқынының алдын-алуға арналған республикалық конференция өткен. Конференцияға су саласын зерттеп жүрген отыздан астам ғалымдар қатысқан еді.