Елімізде су тасқыны басталғалы жан-жақтан гуманитралық көмектер келіп, тіпті көршілес Өзбекстан, Қырғызстан елінің азаматтары да көмек көрсетіп жатыр. Алғашқы су тасқыны басталысымен «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаевтың бастамасымен Астанадағы орталық аппарата шүғыл штаб құрылып, өңірлік бөлімшелердің басшыларына тиісті нұсқау берілген болатын. Нәтижесінде өткен аптада «Байтақ» жасылдар партиясының басшылығы мен жақтастарының, партияластарының бастамасымен Құлсары қаласына жалпы сомасы 90 млн тенгенің азық-түлігі мен киім кешектер жөнелтіліп, таратылған еді.
Міне бүгінде игі шара жалғасып, партия жақтастарының күшімен жиналған бес жүк автокөлігі Алматы қаласынан Құлсарыға, Ақтөбе облысына, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына гуманитарлық көмек тиеп жолға шықты. Қазіргі таңда «Байтақ» партиясының жақтастары мен партияластары барлық өңірлерде су тасқынының алдын-алу, көмек көрсету шараларына белсенді қатысым келеді.