Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сейсенбіде өзінің әріптесі-Әзірбайжанның Энергетика министрі Парвиз Шахбазовпен кездесу өткізді.
Кездесу Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысының қорытындысы бойынша өтті.
Кездесу барысында тараптар елдердің энергетика, қазақстандық мұнай транзиті, жаңартылатын энергия көздерінің ауқымды жобаларын іске асыру саласындағы ынтымақтастығына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.
Өздеріңіз білетіндей, 2022 жылдың қараша айында «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) және SOCAR компаниялары арасында Ақтау-Баку-Тбилиси-Джейхан бағыты бойынша мұнай транзиті туралы келісімге қол қойылды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Ақтау портынан мұнай жөнелту Баку-Тбилиси-Джейхан бағытында 1 057 мың тоннаны құрады. 2024 жылға қазақстандық мұнайды БТД арқылы жылына 1,5 млн. тонна көлемінде жеткізу жоспарланған.
«Біздің Ұлттық компанияларымыздың алдына Қазақстанда өндірістің өсуін ескере отырып, мұнай жеткізу көлемін ұлғайту міндеті қойылды. Осыған байланысты, біз қазақстандық мұнайды жеткізу көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті кездесу барысында А.Сәтқалиев.
Энергетика министрлігінің басшылары Каспий теңізінің түбіне терең су кабелін төсеу арқылы Кавказ өңірі мен Орталық Азияның энергия жүйелерін қосуға бағытталған жобаны іске асыру бойынша алдағы жұмыстарды талқылады.
Трендте
- Әкімдерге құлаққағыс: Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
- Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп барады
- Тарихи нәтиже! Жеті боксшымыз әлем чемпионатының финалына шықты
- Түркістанда құны 146,8 млрд теңге болатын мақта өңдеу кешені салынады
- Алматыда «Медеуге» апаратын жол 14 жылда алғаш рет жөнделді
- Қытайлық компания еліміздің ауыл шаруашылығына 350 млн доллар инвестиция салады
- Қазақстан ғарышқа өз зымыранын ұшырады
- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды