Астана. 24 қыркүйек. BM.KZ – Қабылданған заң отбасылық заңнамадағы бала асырап алу, қорғаншылық және қамқоршылыққа қатысты нормаларды нақтылады, деп хабарлады Мәжісітің баспасөз қызметі.
Жаңа ережелерге сәйкес, бала асырап алуда бірінші кезекте оның туыстарына басымдық беріледі. Егер туыстары болмаған жағдайда, бұл заңды некеде тіркелген азаматтарға беріледі.
Сонымен қатар, қамқоршы ретінде тағайындалатын адамдардың қатары кеңейтілді. Енді патронаттық тәрбиешілер, асырап алушылар және кәсіби патронаттық тәрбиешілер қамқоршы бола алады. Бұл ретте қорғаншылық органдары кандидаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін міндетті түрде тексеруге тиіс. Жаңа заңда қамқоршымен бірге тұратын адамдарға да қосымша талаптар енгізілді.
Мәжіліс хабарламасында бұл өзгерістер балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталғаны атап өтілген.
