«Барселона» клубының бұрынғы ойыншысы, бразилиялық Дани Алвес 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен бірге сот оған жәбірленушіге 150 мың еуро моральдық өтемақы төлеу туралы шешім шығарды.
Қолда бар мәліметке қарағанда, бразилиялық футболшы Барселона қаласының түнгі клубтарының бірінде бір әйелді зорлаған. Ал Алвестің айтуынша, әйелдің өзі келісімін берген. Бірақ сот оның уәжіне қарамай, әйелдің арызын ғана ескеріп, футболшыны 4,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.
Дани Алвес былтыр 23 қаңтарда қамауға алынған болатын. Сол кезден бері қамауда отыр. Камерада ол жалғыз емес. Жанында тағы бір атақты бразилиялық футболшы Роналдиньоның бұрынғы оққағары Коутиньо бар. Алвес оны бұрыннан таниды.
Прокурордың айтуынша, қылмыс 2022 жылы 31 желтоқсанда болған. Бразилиялық футболшы қылмысын мойындамай, сот шешіміне шағым түсіретінін айтты.