2024 жылғы 3 сәуірде сағат 17.00-де елордалық Достық Үйінің ғимаратында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық және өңірлік штабтарының бірлескен онлайн отырысы өтеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» арнайы жобасының аясында Қарағанды және Ақмола облыстарына гуманитарлық жүк жөнелтіледі.
«Ассамблея жастары» РҚБ және Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтерлік орталықтарының мүшелері азық-түлік, алғашқы уақытта қажет болатын заттар мен жылы киімдерді жеткізеді, сондай-ақ аталған өңірлердің зардап шеккен азаматтарына көмек көрсетеді.
Іс-шараларға ҚХА төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, ҚХА төрағасының Қоғамдық орынбасары – республикалық штаб басшысы Акбаржон Исмаилов, «Ассамблеясы жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, меценаттар т. б. қатысады деп күтілуде.
Барлық 20 өңірдегі 34 Достық үйінде алғашқы уақытта қажет болатын заттарды қабылдау және көмек көрсету бойынша өңірлік штабтар жұмыс істейді.
- + 7 707 031 88 99 Оразалы Сарсенов («Қоғамдық келісім» РММ баспасөз қызметі)
- + 7 777 051 66 94 Тимур Джумурбаев ( «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы)