Батыс Қазақстан облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды
Сырым, Теректі, Қаратөбе, Бөрлі аудандарында тұрғын үйлерді су басты. Осы уақытта бұл өңірлерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Зардап шеккендердің әрқайсысы мемлекет тарапынан берілетін көмектен қалыс қалмайды, — деді Батыс Қазкақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев.
Орал қаласындағы Шаған және Деркөл өзені қауіпті деңгейге жеткен. Жайық өзенінде де су көлемі артып жатыр.