Құлсарыдағы жағдай ушығып барады. Кешегі мәліметтер бойынша 2500 жуық үйді су басып қалды деген мәлімет келген болатын. Төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті әкімдіктер жанталасып жұмыс істеп жатқанмен шамалары жетер емес. Сонымен қатар Ресейдің Орск қалласындағы бөгет бұзылды деген ақпарат жетті. ресей тарапы жіберіп жатқан судың Қазақстанға келер-келмесін мамандар дөп басып айта алмай келеді. Билік органдарының және осған жауапты министрліктердің алдын-ала ескертулерге қарамастан ешқандай шара қолданбау салдарынан елімізде бұрын-соңды болмаған су тасқыны орын алды. Президент Батыс өңіріне барып халықпен кездесіп, басу айтқанмен түзеліп кеткен жағдай жоқ. Мемлекетке миллиардаған тенгенің шығынын келтірген алапат су тасқыны қашан тоқтайды? Қаншама жандар баспанасынан айырылып, мал-жандары қырылып жатыр. Отыз мыңнан астам малды аман алып қалдық деп ресми мәлімет таратқанмен су астында өлген малдың саны бұдан да көбірек боуы мүмкін. Жан-жақтан келіп жатқан гуманитарлық көмектер сәл де болса көңілге демеу. Алайда, қашан да қиындық болса бір жұдырықтай жұмыла білетін халықтың бірлігі арқасында жүзеге асып жатқаны белгілі . Соңғы мәліметтер бойынша Құлсарыдан 12 мыңға жуық адам эвакуациялыныпты. Олардың бес мыңы — балалар. Оларды Атырауға, Тенгиз вахталық ауылына, Бейнеу ауданына эвакуациялап жатыр. Тоқаев Атырау облысының әкімімен телефон арқылы тілдесіп, су тасқынынан шығынға ұшыраған барлық тұрғынға өтемақы берілетінін айтты., су тасқыны аяқталған бір-екі шенеунік жазаланары сөзсіз. Дегенмен біздің елдің түрлі саммиттер мен конференция, ойын, тойларға дайын болғанымызбен, өрт, су тасқыны сынды апаттарға қағаз түрінде сақадай сай екенімізге көзіміз жетті. Мемлекеттік биліктегілер жұмыс істеу тәсілін толыққанды өзгертіп, біріне-бірі соғылысқан мемлекеттік қызметкерлер санын арттырып, қоғам мен сарапшылардың, азаматтық қоғамның зерттеулері мен сын-ескертпелеріне құлақ асып, басқаша жұмыс жасайтын кез келген сияқты. Мұндай жағдаймен ел шекарасына жау келсе қорғаныс саласының да былығы ашылып қала ма? деп қорқамыз.
Baimedia.kz