• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «BAYTAQ RUN FEST»: эко-жүгіру жобасы жалғасуда

«BAYTAQ RUN FEST»: эко-жүгіру жобасы жалғасуда

29 июля, 2024 Жаңалықтар

Соңғы жылдары Қазақстанда жүгіру спортымен айналысатындар мен марафоншылардың саны да, сапасы да артып келеді. Бұл салауатты өмір салтын ұстануда қазақстандықтардың санасы оянып, өз денсаулығына бейжай қарамау арқылы өзгелерге де үлгі болып жүргенінің айғағы. Статистикаға сүйенсек, 2022 жылы Алматы марафонына 20 000-нан астам адам қатысты. Дегенмен өзге қалалар да жүгіру марафондарын ұйымдастыру, белсенді қатысуда қалыс қалмайды. Үлкен өзгерістер кішкентай қадамнан бастау алатынын ескерсек, Астана қаласында «Байтақ» жасылдар партиясының ұйымдастыруымен тұрақты түрде өткізіліп жүрген «Baytaq Run Fest» жобасының маңызы мен мақсаты өзгеше.

28 шілдеде елордада «Байтақ» Қазақстанның жасылдар партиясы ұйымдастырған BAYTAQ RUN FEST эко жүгіру фестивалі өткен болатын. Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын сақтауды насихаттай отырып, экологиялық мәселелерге қоғамның назарын аудару. 210 адам қатысқан жүгіру фестивалі «Астана» триатлон саябағынан бастау алды. Қатысушылар таңғы сағат 9:00-де жүгіруге шығып, 5 шақырым қашықтықты бағындырды. Айта кетейік, эко жүгіру жобасына аталған саябақтың таңдалуында да мән бар. Таза табиғатымен, тыныш атмосферасымен жүгірушілерге ерекше әсер береді деген мақсатпен осы локация таңдалып отыр. Әрі 5 шақырым – тәжірибелі жүгірушілерге де, жаңадан бастаушыларға да ыңғайлы қашықтық. Алты жасар баладан алпыс жасар қартқа дейін игі шараның басы-қасынан табылғаны көңіл қуантарлық жайт. Фестивальдің бас ұйымдастырушысы, марафоншы Әлішер Күзекбаевтың айтуынша, эко жүгіруге 15-71 жас аралығындағы астаналықтар қатысты.

«Тұрақты жүгіру жүрек-қан тамырлары жүйесінің жақсаруына, салмақты бақылауда ұстауға, бұлшықеттер мен сүйектердің нығаюына, иммундық жүйені жақсаруына әсер етеді. Сонымен қатар психологиялық пайдасы да аз емес. Мәселен, көңіл-күйді көтеруге, ұйқы сапасының жақсаруына, өзіне деген сенімділіктің артуына көмектеседі. Әрі тұрақты түрде жүгіру өмір сүру ұзақтығын арттыруға ықпал етеді. Жүгірушілердің өмір сүру ұзақтығы жүгірумен айналыспайтындарға қарағанда орташа есеппен 3 жылға ұзақ.

«Baytaq Run Fest» жобасына қатысушылар – экологияның шынайы жанашырлары деп есептеймін. Алдағы уақытта осы бағыттағы шаралар мен эко жүгірулер жоспарға сай жалғасын таба беретін болады» дейді ол.

Айта кетейік, жүгіруді аяқтаған әрбір қатысушы медаль мен партия төрағасы Азаматхан Әміртаевтың арнайы Алғыс хатына ие болды. Сонымен қатар жарыс соңында қатысушылардың старттық нөмірлері бойынша лотерея ойнатылып, қорытынды концерт өтті. Экологиялық қозғалысты қолдап, салауатты өмір салтын насихаттау жолындағы белсенділердің қатарын арттыруға сіз бен біз болып таудай мақсатқа тамшыдай болса да үлесімізді қоса берейік.

Оқылып жатыр

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

Жаңалықтар 15 декабря, 2025

Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — ҚХР инвесторлары Тараз қаласында су ресурстары мен ирригация жүйелерін басқаруға…

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

15 декабря, 2025

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

15 декабря, 2025

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

15 декабря, 2025

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025

Жаңа жыл қарсаңында супермаркеттер азық-түлік бағасын төмендетеді

14 декабря, 2025

Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 декабря, 2025

Ақмола облысында адам саудасына қатысты 14 қылмыс анықталды

14 декабря, 2025

Футболдан 2026 жылғы ӘЧ билеттерінің бағасы шарықтап кетті

13 декабря, 2025

Қарағанды облысындағы кафе өртінен екі адам қаза тапты

13 декабря, 2025

Қарағанды облысында кафеде газ баллоны жарылды: зардап шеккендер бар

12 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіреді»

12 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.