Алматы. 5 қыркүйек. BM.KZ — Алматы облысында ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті Қырғызстаннан елімізгне экстрадицияланды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады.
Тергеу деректеріне сәйкес, 2019–2022 жылдары сезікті адамдармен алдын ала сөз байласып, өңірдегі ірі азық-түлік базарында сауда нүктелерін сату сылтауымен кәсіпкерлерді алдап келген. Нәтижесінде 11 кәсіпкерге жалпы 126 миллион теңгесін шығын келтірген.
Қомақты қаражатты қалтаға басқан ол, қылмыстан жалтарып, жасырынып қалған. Сондықтан халықаралық іздеу жарияланып, нәтижесінде Бішкекте ұсталды.
Қазір күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр. Егер кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
