Астана. 8 қаңтар. BM.KZ — «Рэкетир» фильмінде Руслан образымен танымал болған актер Мұрат Бисембин 54 жасында өмірден өтті.
Бұл жаңалықты оның қызы Диана әлеуметтік желіде жеткізді.
– 11.10.1972-08.01.2026. Шексіз жақсы көремін, — деп жазған әкесінің суретін жариялап.
Айта кетейік, 2025 жылдың желтоқсанында Мұрат Бисембиннің инсульттан кейін ауруханаға түскені белгілі болды.
