Президенттің бұрынғы кеңесшісі Олжас Құдайбергеновтің әйелінің әкесі Төлепқали Қабылов 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 2022 жылдың наурыз айында Ұлыбританияда Құдайбергеновтің әйелі полицияға күйеуі балаларын ұрлап кеткені туралы арыз берген. Келесі күні Олжас Құдайбергенов Лондон әуежайында ұсталып, абақтыға қамалған. Бірнеше күннен кейін қайын атасы оған хабарласып, қызының Ұлыбританияда немерелерімен екі жыл тұруы үшін қажет 30 мың фунт стерлинг талап еткен. Ақшаны беруге келіспеген жағдайда БАҚ беттерінде әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасап, бала ұрлағаны туралы ақпарат тарататынын айтып қорқытқан. Экономист ақшаны үшке бөліп төлеуге келіскен. Алғашқы 5000 фунтты қайын атасына досы апарған. Келесі күні экономисттің әйелі арызын қайтарып алған. Құдайбергенов Қазақстанға келіп, екінші келісілген 10 мың фунт стерлингті беру кезінде күдікті Қабыловты полиция қызметкерлері тұтқындаған.
Трендте
- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды