Астана. 7 желтоқсан. BM.KZ — Әскерилер Бенинде билікті басып алып, президент Патрис Талонды тақтан тайдырды, деп хабарлайды Kazinform ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Бенин мемлекеттік телерадиокорпорациясы мәлімдеді.
Мәлімдемеге сәйкес, подполковник Тигри Паскаль басқаратын әскери комитет елдегі билікті толық өз қолына алды. Әскерилер барлық мемлекеттік органyың таратылғанын жариялады.
Талонның орналасқан жері белгісіз.
Хабарламада мемлекеттік төңкерістің 2026 жылдың 12 сәуіріне жоспарланған Бениндегі президенттік сайлауға дайындық аясында болғаны атап көрсетілген.
