Желіде Қызыл кітапқа енген «Грейг» қызғалдағын жұлған қыздың видеосы тарады. Кадр Ордабасы ауданы, Ұялыжар ауылдық округінде түсірілген.
Полиция 22 жастағы студентке қатысты тергеу амалдарын жүргізуде. Қыз қылмыстық жазаға тартылып, 3 000 айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни 11 миллион 76 мың теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл салуды көздейді.