«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» 20 мың білім беру ұйымдарына енгізілді Мақсаты – өскелең ұрпақты тәрбиелеу жұмыстарын күшейту.
«Осы бағдарлама «Тәуелсіздік және Отаншылдық», «Бірлік және Ынтымақ», «Әділдік және Жауапкершілік», «Заң және Тәртіп», «Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік», «Жасампаздық және Жаңашылдық» идеяларын білім ұйымдарында іске асырудың негізгі платформасына айналады. «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүйелі іске асыру мақсатында тәрбие ісімен шұғылданатын 90 мың педагог бағдарламаның қыр-сырын ашатын курстан өтті», – деді ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Одан бөлек, барлық мектепте «Ата-аналарды қолдау орталығы» ашылып, «ата-ана, бала, педагог» арасындағы үштік одақ жұмысы жолға қойылды.