• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Бишімбаевті ақтау науқаны? Қоғам ақымақ емес — Балаева

Бишімбаевті ақтау науқаны? Қоғам ақымақ емес — Балаева

1 марта, 2024 Жаңалықтар

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева атышулы Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Біздің елде цензураға тыйым салынады, ал медиа ойыншылар көбіне «тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Біз жақында журналистік этикаға арналған дөңгелек үстел өткіздік және сол жерде журналистің этикасы өз-өзін қадағалау шегінде болуы керек деген қорытындыға келдік.

Бүгінде көріп отырғанымыздай, өзін-өзі қадағалау деген нәрсе көбіне жұмыс істемейді, әсіресе, ойыншыларды «қызықтыруға» болатын кезде.

Біз механизмдерді түсінеміз және Бишімбаев ісінде бүгін болып жатқан медиа науқанның қалпын көріп отырмыз. Өкінішке қарай, теріс мүддені басшылыққа ала отырып, барлық қабылданған жалпыадамзаттық нормалар мен қағидаларға қайшы, өтірік әрі қоғамдық сананы манипуляциялаумен айналысатын адамдар қоғамнан шеттетіледі. Өйткені қоғам ақымақ емес.

Мен әрқашан кәсіби журналистер қауымдастығын бағалау керек деп айтатынмын. Олар — ойлы, ақылды және күшті адамдар», — деді министр Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында.

Бұған дейін айтыскер ақын, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов та экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты жүріп жатқан осы ақпараттық науқанға пікір білдірді.

Зайытовтың сөзінше, Бишімбаев та халықты оңай алдауды білетін Ескі Қазақстанның, ескі жүйенің адамы.

«Қуандық Бишімбаев деген азамат — кезіндегі жүйеде жұмыс істеп, қоғамды қалай алдаусырату керек, қоғамдық пікірді қалай бұру керек екенін өте жақсы меңгерген адам.

Менің ойым, қазір Нүкенова ханымның тарапына жасалып жатқан шабуылдар, тағы бір ақпарат шықты, оның бауырын ба тағы біреуді қыз зорламақшы болды дейді. Адамның аузы бармайтын қылмысқа қатысы бар деген сияқты әңгімелер шықты. Оның барлығы сол әулеттің қоғамның арасындағы пікірді қалай бұрмалауға болатынын жақсы меңгергенін көрсетіп тұр», — дейді депутат.

Расында да, әлеуметтік желіде марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдіге қатысты жазбалар пайда болды.

Дау Елена Семенова есімді желі қолданушысының жазбасынан кейін шықты.

«…Ең бастысы, неге марқұмның ағасы Айтбек Амангелді, зорлық-зомбылық көрген әйелдерді қорғайтын адал адам өзі туралы бар шындықты айтпайды? Неліктен ол өзіне қатысты арыз түскені жайлы шындықты айтпайды? 10 жастағы қызды, яғни бұрынғы министр Бишімбаевтың қызын зорлау әрекеті туралы рапорт барын неге айтпайды?

Ол зорлау туралы арыз берілгеннен кейін тергеуден қалай құтылды? Неліктен Айбек Амангелдінің жағдайында сот төрелігі нәтиже бермеді, бұрынғы әкім болған ағасының ықпалы болды ма екен? Неліктен тергеу органдары бірнеше сараптама жүргізбеді? Ал Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы үшін не өзгерді, ол арыз жазып, содан кейін ештеңе болған жоқ деп арызды неге қайтарып алды? Қай кезден бастап бізде дәлел емес пікір ескерілді? Неліктен қыздың анасы қайтыс болған адамды алтын адам дейді? Бұл, бір сөзбен айтқанда, ақша үшін бәріне көз жұмуға дайын екіжүзділік деп аталады!» — деп жазды ол.

Кейін Бишімбаевтың 14 жыл отасқан бірінші әйелі Назым Қахарман мұның бәрін жоққа шығарды.

Айтыскер Ринат Зайытов мұндай адам өлімі болған жерде қылмыскерді ешқашан ақтауға болмайтынын айтады. Дегенмен қазір қызу ақпараттық соғыс жүріп жатқанын ешкім жоққа шығармайды.

«Менің ойым, ондай қылмыстық істерде, кісі өлімі болған қылмыстық істерде, дәлелі бар қылмыстық істерде қандай да бір ақталудың орын алуы мүмкін емес. Ондай ақпараттық соғыс болып жатыр.

Өкінішке қарай, жәбірленуші тарап ақпараттық соғыста ұтылып жатыр деп ойлаймын», — деді Зайытов.

Мәжіліс депутаты елдегі соттың әділдігіне де күмән келтірді.

«Қазақстанда соңғы рет әділетті сотты қашан көрдіңіз?! Біздің сот жүйесі жеке мемлекет сияқты жұмыс істейді. Ашқысы келсе ашады, жапқысы келсе жабады. Халықтың қатысуымен ашық сот жасау керек дейтіндей Бишімбаев деген оппозициялық тұлға ма, халықтың сөзін сөйлеген адам ба, жазықсыз жәбір көріп сотталып жатқан адам ба?!» — деп ашынды депутат.

Зайытов айтып отырған ақпараттық соғыс басталып кеткеніне біраз уақыт болды.  Бұған дейін журналист Сырым Итқұлов бұрынғы министр Ермұхамет Ертісбаевты Бишімбаевты қолдауға қатысы бар адамдардың бірі екенін айтқан еді.

«Қуандықтың әкесі Уәлихан Бишімбаевтың ұлын қорғаштап, қоғамдағы пікірге әсер етуге тырысқан видеосы естеріңізде ме? Ол журналистер мен блогерлердің үсітнен өзін, ұлын, олардың отбасын көпшілік алдында қорлағаны үшін арыз жазды.

Ал бұқараға үн қату үшін оған Назарбаевтың бұлбұлы — Ермұхамет Ертісбаевтан басқа ешкім мүмкіндік берген жоқ.

Уәлихан Бишімбаев та сол сияқты, өмір бойы «ескі қазақстандық». Университетті басқаратын қатардағы ректор ретінде есепсіз байлық жинады. Олар қандай жолдармен «табылғаны» түсінікті, соның арқасында жұбайы ұзақ жыл бойы табысты бизнесті басқарды.

Көпшілік Қуандық Бишімбаевтың өзі де сыбайлас жемқорлық үшін отырғанын ұмытып кетті, бірақ туыстарының ықпалды байланыстарының арқасында ол мерзімінен бұрын бостандыққа шықты», — деді Итқұлов.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да осы іс бойынша дабыл қағып, Бишімбаевты ақтайтындарға таңы бар екенін жазды.

dalanews.kz

Оқылып жатыр

Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі

Ұлыбританиялық акционер Air Astana-дағы үлесін сатпақ

Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі

Жаңалықтар 17 декабря, 2025

Астана. 17 желтоқсан. BM.KZ — Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды туризмді дамытуға туристерге арналған инфрақұрылымның…

Ұлыбританиялық акционер Air Astana-дағы үлесін сатпақ

17 декабря, 2025

Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды

17 декабря, 2025

Дәрігерді соққыға жыққандарға жаза күшейтілді — Мәжіліс

17 декабря, 2025

Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды

17 декабря, 2025

Жеке меншік мектептер дауы: 60 орындық мектепке 600 оқушының ақшасы бөлініп келген

17 декабря, 2025

11 айда экономика өсімі 6,4 пайыз болды – Серік Жұманғарин

17 декабря, 2025

Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 96 жасқа толды

17 декабря, 2025

ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Автомобилисттен» басым түсті

17 декабря, 2025

Режиссер Роб Райнер мен әйелінің өлімі: ортаншы ұлы күдікке ілінді

17 декабря, 2025

Әуеде Air Astana ұшағының салонында өрт шықты

17 декабря, 2025

Италия тауларында мыңдаған динозавр ізі табылды

17 декабря, 2025

​Атырауда қайтқан адамның сүйегі пәтерде үш апта жатып қалған

17 декабря, 2025

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

16 декабря, 2025

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

16 декабря, 2025

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

16 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 декабря, 2025

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

15 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.