2023 жылы LRT жобасының құрылысын жалғастыру мақсатында республикалық бюджеттен 52,4 млрд теңге бөлінген еді. Жыл соңында Көлік министрі Марат Қарабаев 2024 жылы жобаның құрылысын жалғастыру үшін шамамен 45 миллиард теңге қажет екенін, құрылыс-монтаж жұмыстарын жалғастыру мәселесі талқыланып жатқанын мәлімдеді.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, биыл LRT құрылысын аяқтау үшін тағы 28,4 млрд теңге қажет.
«Бұл қаражатқа рельс, жылжымалы құрам, электрмен жабдықтау, станса сумен жабдықтау, су бұру, өрт қауіпсіздігі, желдету жұмыстары жүргізіледі», деп толықтырды Көлік министрлігі.