Астана. 16 қараша. BM.KZ — Нью-Делиде (Үндістан) бокстан әлем кубогының финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта қазақстандық боксшы Санжарәлі Бегалиев жартылай финалға жолдама алды.
1/4 финалда отандасымыз Оңтүстік Корея өкілі Минсен Кимнен басым түсті.
Санжарәлінің қоржынында енді кем дегенде қола медаль бар.
