Боксшыларымыздың жолдамаға деген ықыласы ерекше – Мырзағали Айтжанов
Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирге шәкірттерін бастап барған Ұлттық құраманың бас бапкері жарыстың қалай өтіп жатқаны туралы айтып берді.
«Жарыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатыр. Бармақ басты, көз қысты әрекеттерді әлі кездестірген жоқпыз. Жарыс қазірге таза, әділ өтіп жатыр деп сеніммен айта аламын. Ондай бұра тарту болмай-ақ қойсын деп тілейік. Кім мықты, сол Олимпиада жолдамасын жеңіп алуға тілектеспіз», — деді бас бапкер.