Астана. 19 тамыз. /Әсел Мәдәліқызы/ BM.KZ — 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде өтетін бокстан әлем чемпионатында Қазақстан атынан ерлер мен әйелдер құрамасы сынға түседі. Жарыс World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтпек.
Бұл додада еліміздің намысын тәжірибелі чемпиондармен қатар жас боксшылар да қорғайды. Ерлер құрамына бірнеше халықаралық турнир жеңімпаздары енсе, әйелдер сапында әлем чемпионаттарының жүлдегерлері мен Қазақстан чемпиондары бар. Атап айтқанда:
Ерлер
50 келіге дейін – Санжар Тәшкенбай
55 келіге дейін – Махмұд Сабырхан
60 келіге дейін – Бейбарыс Жексен
65 келіге дейін – Ертуған Зейнуллинов
70 келіге дейін – Төрехан Сабырхан
75 келіге дейін – Сабыржан Аққалықов
80 келіге дейін – Нұрбек Оралбай
85 келіге дейін – Бекзад Нұрдәулетов
90 келіге дейін – Сағындық Тоғамбай
90 келіден жоғары – Айбек Оралбай
Әйелдер
48 келіге дейін – Назым Қызайбай
51 келіге дейін – Алуа Балқыбекова
54 келіге дейін – Элина Базарова
57 келіге дейін – Карина Ибрагимова
60 келіге дейін – Виктория Графеева
65 келіге дейін – Аида Әбікеева
70 келіге дейін – Наталья Богданова
75 келіге дейін – Надежда Рябец
80 келіге дейін – Гүлсая Ержан
80 келіден жоғары – Елдана Тәліпова.
Айта кетейік, ұлттық құраманың сапы биыл өткен Әлем кубогына қатысқан тізімнен айтарлықтай өзгермеді. Тек екі салмақта ғана ауыс-түйіс жасалып, жаңа спортшылар мүмкіндік алды. Қалған боксшылар бұрынғыдай өз орындарын сақтап қалды.
