Кезінде ACA чемпионы титулы үшін таласқан танымал қазақстандық файтер Евгений Егембердиев (12-4) Prosports.kz сайтына Бекзат Алмаханның UFC-дегі дебюттік жекпе-жегі туралы пікір білдірді.
«Бекзатқа бұл өте қиын жекпе-жек. Оған дебюттен де, қарсыластан да қысым көп. Бекзаттың мүмкіндігі өте аз. Бірақ, соған қарамастан, жекпе-жекте сәттілік тілеймін. Ол мықты жігіт, болашағы зор – дебюттегі қарсыласы салмақты. Бұл әділетсіз…», – дейді атақты файтер.
OCTAGON-ның бұрынғы чемпионы 26 жастағы Алмахан (17-1) 3 наурызда UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде әйгілі Хабиб Нурмагомедовтің немере інісі 28 жастағы Умар Нурмагомедовпен (16-0) кездеседі.
prosports.kz