Астана. 13 ақпан. BM.KZ — Қазақстанда кейбір өңірлер мен қала мектептері ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқыту форматына ауысты.
Астана
2026 жылғы 13 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылвры қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
Абай облысы
Абай облысының 2026 жылғы 13 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз, көктайғақ)1-ауысымда оқитын Семей қаласының мектептерінің 1-9 сынып, Бесқарағай ауданының 1-9 сыныптары — 8 мектебі, 1-11 сыныптары — 13 мектеп, Көкпекті ауданының 1-4 сыныптары — 3 мектебі, Жаңасемей ауданының1-4 сыныптары -6 мектебі, 1-9 сынып — 1 мектебінің, Бородулиха ауданының 1-4 сыныптары — 18 мектебі, 1-4 сынып — 2 мектебінің окушылары үшін сабақтар қашықтық форматқа ауыстырылды.
Шығыс Қазақстан облысы
Риддер қаласында 13 ақпан күні ауа температурасының –26,6°С-қа дейін төмендеуіне байланысты барлық мектепте бірінші ауысымда оқитын 0–4 сыныптардың оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріледі.
13 ақпанда ауа температурасының -28°С-тан -35°С-қа дейін төмендеуіне байланысты Алтай қаласында бірқатар мектепте сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
1–2 ауысымдағы 0–4 сыныптар:
«Тұрғысын орта мектебі» КММ
«Михаил Харин атындағы бастауыш мектебі» КММ
«Новокрестьянка бастауыш мектебі» КММ
«Средигорное орта мектебі» КММ
«Маяк орта мектебі» КММ
«Зубовск орта мектебі» КММ
«Никольск орта мектебі» КММ
«Подорловка бастауыш мектебі» КММ
0–9 сыныптар:
«Путинцево орта мектебі» КММ
«Соловьев орта мектебі» КММ
«Чапаев орта мектебі» КММ
«Леснопристань орта мектебі» КММ
0–11 сыныптар:
«Михаил Бикетов атындағы орта мектебі» КММ
Катонқарағай ауданы бойынша 13 ақпанда ауа температурасының -34°С–-35°С-қа дейін төмендеуіне байланысты оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
0–4 сыныптар:
«Үшбұлақ бастауыш мектебі»
Марқакөл ауданы бойынша 13 ақпанда ауа температурасының –30°С-қа дейін төмендеуіне байланысты бірқатар сыныптар қашықтан оқыту форматына көшірілді.
0–4 сыныптар:
«№ 1 Марқакөл орта мектебі» КММ
«Мектеп-интернат-колледжі» КММ
Самар ауданы бойынша 13 ақпан күні ауа температурасының -30-32 төмендеуіне байланысты оқушылар қашықтықтан оқытуға ауыстырылады.
0-9 сыныптар:
«М. Жұмабаев атындағы негізгі мектебі»
