Астана. 24 қаңтар. BM.KZ — Отырыс әлеуметтік желідегі consot_kz, constcouncil.kz («Конституциялық реформа – 2026») ресми парақшаларында, сондай-ақ Jibek Joly және 24.kz телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетейік, президент 21 қаңтарда Конституциялық комиссия құру туралы жарлыққа қол қойған болатын. Оның құрамына Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, мәслихат төрағалары және қоғамдық кеңестердің өкілдері, жалпы саны 100-ден астам адам кірген. Комиссия жұмысына Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді.
Конституциялық комиссия құру туралы шешім Президенттің Ұлттық құрылтай отырысында айтылды. Мемлекет басшысының айтуынша, парламенттік реформа аясында бастапқыда Ата заңның шамамен 40 бабын өзгерту жоспарланған. Алайда жұмыс барысында түзетулер саны едәуір көп болатыны анықталған.
Президент комиссия барлық ұсынысты жан-жақты зерделеп, жүйелейтінін, содан кейін нақты өзгерістер жобасы әзірленетінін атап өтті. Тек осыдан кейін ғана жалпыұлттық референдум өткізу мерзімдері айқындалады.
