Астана. 4 қыркүйек. BM.KZ — Бүгін, 4 қыркүйекте 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан және Уэльс құрамалары кездеседі. Ойын «Астана Аренада» өтеді.
Бұл ойынды испандық төрешілер бригадасы басқарады. Қазы рөлін Алехандро Эрнандес атқарады. Оның көмекшілері – Хосе Наранхо мен Диего Санчес. Төртінші төреші – Хосе Луис Мунуэра, бейнетөреші – Сесар Сото, бейнетөрешінің көмекшісі – Алехандро Муньис Руис.
Үш ойыннан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде үш ұпай бар, ал Уэльс құрамасы жеті ұпай жинаған. Наурызда Кардиффте өткен алғашқы матчта валлийлер 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді.
