Бүгін журналист, жазушы әрі аудармашы Әбілмәжін Жұмабаевтың туғанына 95 жыл.
Жазушы шығармашылық жолын 1950 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінен бастады. Кейін бөлім меңгерушісі, «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарды.
Қаламгердің «Алыптың адымы», «Қарағанды оттары», «Менің Қазақстаным» сынды кітаптары жарыққа шыққан. «Кездесу күні» кітабына жазушының соңғы жылдардағы естеліктері мен аудармалары енген. Бұдан бөлек, Әбілмәжін Жұмабаев аудармашы ретінде де еңбек етті. Ол Л.Толстой, И.Тургенев, М.Горький, К.Паустовскийдің туындыларын, «Араб жазушыларының әңгімелері» жинағын, «Үш ноян», «Граф Монте Кристо» сынды шығармаларды аударды. Жазушы әдебиет саласында ерен еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.