• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Бұл біздің 11 қыркүйек болды». ХАМАС Израильді қалай алдап соқты?

«Бұл біздің 11 қыркүйек болды». ХАМАС Израильді қалай алдап соқты?

24 февраля, 2024 Әлем

ХАМАС экономикаға баса назар аударып отырғандай кейіп танытты. Шабуылға ашық дайындалды, бірақ Израиль мұны сырт көзге ұйымдастырылған шоу деп түсінді дейді ақпарат көзі.

«ОЛАР БІЗДІ ҚАҚПАНҒА ТҮСІРДІ»

Палестинаның «ХАМАС» исламшыл тобы Израильге тұтқиылдан шабуыл жасап, бульдозер, дельтаплан және мотоциклмен жабдықталған содырлар Таяу Шығыстың ең мықты әскерін сан соқтырды.

Сенбі күнгі шабуыл Израильдің қорғаныс жүйесіне 1973 жылы Араб елдері бастаған соғыстан кейінгі ең ірі сынақ болды. ХАМАС кейінгі екі жылда әскери жоспарын құпия сақтап, «соғысты қаламаймыз» дегенге Израильді сендіруге тырысты.

Израиль бітпейтін соғыстан қажыған ХАМАС-ты жеңдік деп ойлап, Газа секторының жұмысшыларына экономикалық ынталандыру шараларын ұсына бастағанда, топ жауынгерлері ашық түрде әскери дайындықтан өтіп жатты. Бұл туралы ХАМАС-қа жақын дерек көзі айтты.

Reuters агенттігі одан Израильге шабуыл мен оған дайындық туралы көп мағұлмат алды. Израильдің күш құрылымдарындағы 3 дерек көзі де өзіндегі мәліметті бөлісті.

– «ХАМАС соғысқа дайын емес» дегенге Израиль сеніп қалды. ХАМАС барлау тактикасын қолданып, Израильді алдап соқты. Әскери операцияға дайындық кезінде қоғам алдында «Израильге қарсы соғысқымыз келмейді» деген кейіп танытты, – дейді палестиналық исламшыл топқа жақын дерек көзі.

Бұл осыдан 50 жыл бұрын Египет пен Сирия Израильге қарсы соғыс ашқаннан кейін қайталанған ең ауыр соққы болды.

Израиль мұндай шабуыл болады деп күтпегенін мойындайды. Шабуыл сенбі күнгі діни мерекеге тұспа-тұс келген. ХАМАС содырлары Израиль қалаларына басып кіріп, 700 азаматты өлтірген, ондаған адамды ұрлап әкеткен. Израиль Газа секторынан жасалған шабуылға жауап ретінде 400 палестиналықты қырып салды.

– Бұл – біздің 9/11. Олар бізді қақпанға түсірді. Бір мезетте әуеден, жерден, теңізден тұтқиылдан шабуылдап, таңғалдырды, – деді Израиль қорғаныс әскерінің өкілі, майор Нир Динар.

ХАМАС-тың Ливандағы өкілі Усама Хамдан Reuters агенттігіне: «Бұл шабуыл Израильдің әскери қуаты мен мүмкіндіктеріне қарамастан, палестиналықтардың мақсатқа жету жолындағы ерік-жігері мықты екенін көрсетті» деді.

Дерек көзінің айтуынша, шабуылға дайындық кезінде ХАМАС Израиль елді мекендерінің макетін салып, десант жауынгерлерін әуеден түсіп, шабуыл жасауға машықтанып, жаттыққан. Осының бәрін тіпті видеоға да түсірген. Израиль мұны көргенімен, ХАМАС соғысқа мүдделі емес деп мән бермеген.

Израиль 2021 жылы ХАМАС-қа қарсы болған соғыстан кейін Газа секторындағы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге тырысты. Өңір халқына Израиль мен Батыс жағалауда жұмыс істеуге рұқсат берді. Тұрғындар басқа аймақтарда құрылыс, ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету саласында еңбек етіп, Газа секторындағы жалақыдан 10 есе көп ақша табуға мүмкіндік алады.

– Олар Израильде жұмыс істеп, Газа секторына ақша алып барса, тыныштық орнайтын шығар деп ойладық. Қателесіппіз, – дейді Израиль әскерінің тағы бір өкілі.

Израиль қауіпсіздік қызметіндегі дерек көзі «ХАМАС бізді алдап соқты. Оларға ақша керек деп ойладық. Әскери жаттығу өткізіп жүріп, бірден ылаң шығарды» дейді.

МОМАҚАН КЕЙІП ТАНЫТҚАН ХАМАС

Кейінгі екі жылда ХАМАС Израильге қарсы әскери операция жүргізбеген. Бірақ Газа секторындағы «Исламдық жиһад» қарулы тобы ара-тұра шабуылдап тұратын.

ХАМАС-тың жақтастары топтың бейбіт позициясын сынай бастаған. Палестина президенті Махмуд Аббас пен «Фатх» тобының бақылауындағы Батыс жағалаудағылар тіпті ХАМАС-ты келеке етуге айналды. «Фатх» тобы 2022 жылы маусымда жасаған мәлімдемесінде ХАМАС басшыларын халқын кедейлікте қалдырып, өздері Араб астаналарындағы зәулім сарайларда тұрып жатыр деп айыптады.

Израиль қауіпсіздік қызметіндегі тағы бір дерек көзі Израиль ХАМАС басшысы Яхья әл-Синвар еврейлерді өлтіруге емес, Газа секторын билеуге мүдделі деп ойлағанын айтады. Тель-Авив Сауд Арабиясымен қарым-қатынасын жақсартуға мән беріп, ХАМАС-қа тиісті көңіл бөлмеген.

Израиль бұрыннан исламшыл топтарға адам жіберіп, оларды ішінен бақылап отыратын айласымен танымал. ХАМАС-қа жақын дерек көзінің айтуынша, бұл жолы шабуыл жоспарын құпия ұстаған.

Ол туралы тіпті ХАМАС басшыларының өзі толық білмеген. Әскери жаттығуға қатысқан 1000 жауынгерге де неге дайындалып жатқаны түсіндірілмеген.

Израиль жағына Газа секторын бөліп тұрған шекара қоршауын бұзып өткен лаңкестер өртеген израильдік әскери танкінің жанында жүрген адамдар. 7 қазан, 2023 жыл.
Израиль жағына Газа секторын бөліп тұрған шекара қоршауын бұзып өткен лаңкестер өртеген израильдік әскери танкінің жанында жүрген адамдар. 7 қазан, 2023 жыл.

Шабуыл күні әскери операция төрт кезеңге бөлінген. Бірінші Газа секторынан 3 мың зымыран ұшырылған. Дәл сол сәтте дельтаплан, парапланның көмегімен шекараның үстінен ұшып өткен жауынгерлер Израиль аумағына басып кірген. Израиль осыған дейін 2500 зымыран ұшырылды деп хабарлаған еді.

«ХАМАС ТОБЫН ЖОЯМЫЗ»

Қарулы лаңкестер дельтапланмен шекарадан ұшып өтіп жерге қонып, территорияны бақылауға алған соң, Израильдің шекара қорғанысы үшін электронды құрылғылар мен цементтен тұрғызған қабырғасын бұзған. Куәгерлердің сөзінше, қоршау құлағаннан кейін мотоцикл, бульдозер мен жол талғамайтын көлік мінген қарулы адамдар Израильге лап берген.

Дерект көзінің айтуынша, содырлар Газа секторының оңтүстігіндегі Израиль әскерінің штаб-пәтеріне шабуыл жасап, байланысты бұғаттаған. Шекара маңындағы жауынгерлер Израильдегі командирлеріне хабар беріп үлгермеген.

Шабуылдың аяққы кезеңінде Израиль аумағында кепілге алынған адамдар Газа секторына жеткізілген.

Содырлар Газа секторына жақын жерде өтіп жатқан музыка фестиваліне жиналған адамдарды ұстап әкеткен. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда шабуыл кезінде ондаған адамның жазық далада қашып бара жатқаны көрінеді.

Музыка фестиваліне қатысушыларға ХАМАС тобының қарулы адамдары тұтқиылдан тап беріп, жаппай атып, кейбірін кепілге алып кеткен жерде қалған көліктер.
Музыка фестиваліне қатысушыларға ХАМАС тобының қарулы адамдары тұтқиылдан тап беріп, жаппай атып, кейбірін кепілге алып кеткен жерде қалған көліктер.

«Бұл фестивальді неге Газа секторына жақын жерде ұйымдастырған?» деп қапаланады Израиль қауіпсіздік қызметіндегі дерек көзі.

Оның сөзінше, Израильдің оңтүстігіндегі әскердің бір бөлігі Палестина күштерімен болған қақтығыстан кейін жергілікті израиль тұрғындарын қорғау үшін Батыс жағалауға жіберілген, ХАМАС соны өз мақсатына пайдаланып кеткен.

Бұрын Таяу Шығыс бойынша келіссөз жүргізумен айналысқан, қазір Вашингтондағы Таяу Шығыс саясаты институтында істейтін Денис Росс Израиль Батыс жағалаудағы қақтығысқа алаңдап, оңтүстікті бақылаудан шығарып алды дейді.

– ХАМАС күткеннен де асып түсті. Енді Израиль ХАМАС-тың көзін жоюды місе тұтып отыр, – дейді сарапшы.

Израильдің қарымта шабуылынан қираған тұрғын үйдің жанында жүрген адамдар. Таяу Шығыс, Газа қаласы, 9 қазан, 2023 жыл.
Израильдің қарымта шабуылынан қираған тұрғын үйдің жанында жүрген адамдар. Таяу Шығыс, Газа қаласы, 9 қазан, 2023 жыл.

Отставкадағы генерал, премьер-министр Беньямин Нетаньяхудің бұрынғы ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Яков Амидрор жексенбіде журналистерге берген сұхбатында «Бұл шабуыл барлау жүйесі мен оңтүстіктегі әскери аппараттың үлкен қателігі» деді.

2011-2013 жылдары Израиль ұлттық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болған, қазір Иерусалимдегі стратегия және қауіпсіздік институтында аға ғылыми қызметкер болып істейтін Амидрор ХАМАС өзіне зор жауапкершілік алды деп есептейді.

– Ақымақтық жасап, сеніп қалдық. Қателік жасадық. Енді бұл қателігімізді қайталамаймыз. Біртіндеп ХАМАС-тың көзін жоямыз, – деді ол.

Оқылып жатыр

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

Футболдан 2026 жылғы ӘЧ билеттерінің бағасы шарықтап кетті

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

Жаңалықтар 16 декабря, 2025

Астана. 16 желтоқсан. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысында боран кезінде барлығы төрт адамның көз жұмғаны…

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

16 декабря, 2025

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

16 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 декабря, 2025

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

15 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

15 декабря, 2025

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

15 декабря, 2025

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

15 декабря, 2025

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

15 декабря, 2025

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.