• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Бұл сұмдықты тезірек ұмытқым келеді»: Шабуылды бастан өткерген дәрігерлер қалыпты өмірге орала алмай жүр

«Бұл сұмдықты тезірек ұмытқым келеді»: Шабуылды бастан өткерген дәрігерлер қалыпты өмірге орала алмай жүр

7 августа, 2025 Басты тақырып
Фото: пресс-служба Костанайской областной больницы

Пациенттер мен олардың туыстарының ашу-ызасынан жапа шеккен медицина қызметкерлері тек дене жарақаттарымен ғана емес, терең психологиялық зардаптардан да күйзеліп жүр. Олар әлі жазылмаған жараны қоздырмау үшін журналистермен кездесуден бас тартып, ішкі азаптарын жасырып бағады.

Қостанайлық дәрігер Антон Кистанов Астанада ота жасатқаннан кейін туған қаласына оралды. Ол, бәлкім, өз тағдырының денсаулық сақтау саласын дүр сілкіндірерін елестете де алмаған болар. Хирург пациенттің кінәсінен операция үстелінде жатқанда, қоғамда дау-дамай өршіп, қазнет қызу пікірталасқа толды. Заңдар тез арада қатаңдатылып, ауруханаларда полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік ете бастады.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев BM.KZ тілшісіне берген сұхбатында қабылдау бөлмелерінде полицияның болуы шынымен де тыныштық орнатқанын айтады.

«Денсаулық сақтау министрлігі мен ІІМ-нің бірлескен жұмысының арқасында ешқандай оқиға тіркелген жоқ. Өйткені, полицияның болуының өзі пациенттерді тәртіпке шақырып, медиктерге қарсы агрессияның алдын алады», – дейді ол.

Сондай-ақ, жедел жәрдем қызметкерлері енді жұмыс барысында бейнежазба жүргізу үшін бейнежетондармен қамтамасыз етілгенін де қоса кетті.

Антон Кистановтың жағдайына келсек, Қостанай облыстық ауруханасы оған енді ұзақ оңалту процесі қажет екенін хабарлады. Физикалық сауығудан бөлек, психологиялық қолдау қажеттілігі әзірге белгісіз. Бұл тақырып көп айтыла бермейді, бірақ оның маңызы зор. «Қорғау» дағдарыс орталығының жетекшісі Анна Рыль травматикалық синдромның уақытша жасырынып қала білетінін айтады.

На фото: Анна Рыль

«Әр адамның реакциясы әр түрлі. Бірі сезімтал, бірі төзімді. Кейбіреулер өз-өзін қолға алып, жұмысқа қайта кіріседі. Бірақ қатыгез шабуылдардың салдары ерте ме, кеш пе, бәрібір көрініс береді. Адамның көңіл-күйі нашарлағанда, стресс кезінде ол өзін ұстай алады. Бірақ салдары түбінде қайта айналып соғады. Мысалы, адам эмоционалдық шаршауды сезінеді, сол кезде естеліктер қайта оралады. Сол оқиғаны ойлай бастайды, еске түсіреді. Ауыр естеліктер осылай өз уақытын күтеді», – дейді тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істейтін маман

Қостанайдағы Анель Баймурзинаның оқиғасы – соның айқын дәлелі. Фельдшер қайтыс болған пациенттің туыстарынан зардап шекті. Жарты жыл өтсе де оны сол түннің қорқынышы әлі жібермей келеді. BM.KZ тілшісі онымен хабарласқанда, Анель сыпайы түрде бас тартты.

Фото: Анель Баймурзина, әлеуметтік желіден

«Медиктерге шабуыл тақырыбын көтергеніңізге рақмет. Бірақ кешіріңіз, мен сол қасіретті түнді еске алғым келмейді. Ол маған азап әкелді. Мен әлі терең депрессиядамын, шаршадым. Сұхбат бермеймін, бұл сұмдықты тезірек ұмытқым келеді», – деп жазып жіберді Анель журналистің сұрағына.

Олай дейтіні, Анельге дүрсе қойған марқұмның қыздары пациент жатқаан бөлмені азап камерасына айналдырған. Жүрегі тоқтап қалған әйелге шақыртумен келген фельдшер реанимацияны бастайды. Бірақ 30 минуттық әрекеттен нәтиже болмайды. Сол сәтте оған жан-жақтан соққы жаудырады. Шабуылдан кейін фельдшерде ми шайқалуы анықталады, шашы жұлынған күйде бүкіл бөлмеде шашылып жатты. Оның үстіне, медикке толассыз қарғыс айтылып жатты. Мұндайдан психологтардың көмегінсіз шығу мүмкін емес.

«Тағы бір мәселе: егер бас аймағында физикалық жарақаттар болса, уақыт өте келе адамда бас ауруы, қан тамырларына байланысты салдары, қан қысымының жоғарылауы болуы мүмкін. Стрессті бастан кешкеннен кейін екі бағыт бар: біріншісі – физикалық қалпына келу, екіншісі – психологпен жұмыс, невропатологқа бару пайдалы. Бәлкім ол адамның жалпы жағдайын қуаттайтын дәрі-дәрмек курсын тағайындайтын болар. Бұл жұмыс қабілеттілігін арттырып, эмоционалдық тұрақтылықты қайтарады», – деп түсіндіреді Анна Рыль.

Мұндайдан соң жардап шеккен естелігі әлі ескіре қоймағандар туралы не айтуға болады?! Ал Антон Кистановқа жасалған шабуыл қоғамда қызу талқыланып жатқанда, Қарағандыда тағы бір ақ халатты Әсел Тасмағамбетова пациент қабылдаймын деп басына бұлт үйрілді. Жекеменшік клиниканың аға медбикесінің қорыққаны сонша, одан тірі қаларына да сенбеген. Пациенттің күйеуі кабинет есігін бүкіл жақтауымен қоса жұлып алып, аласұрған жыртқыштай әйелге тап берген. Бар салмағымен үстінен басып алып, басынан ұрып, саусақтарын сындырып, шашын түбімен қоса жұлған. Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі BM.KZ тілшісіне берген түсініктемесінде, Әсел журналистерге пікір беруден бас тартқанын жеткізді.

Фото: Әсел Китанова, әлеуметтік желіден

«Медициналық қызметкерлерге жасалып жатқан шабуылдар – сұмдық масқара жағдай. Бұл мәселе қоғамға кеңінен жария етілуі тиіс екенін жақсы түсінеміз әрі журналистерге қолдау көрсетуге тырысамыз. Бірақ шабуылға ұшыраған медицина қызметкерлерінің психологиялық күйзелісті бастан өткергені соншалық, оларға қысым жасауға моральдық құқымыз жоқ», – дейді басқарма өкілдері.

Мәселе тек Әсел Тасмағамбетова жайында емес. Маусым айында Қарағанды облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері де науқастың туыстары тарапынан шабуылға ұшыраған болатын. Олар да журналистермен байланыс орнатудан бас тартты.

BM.KZ тілшісіне берген сұхбатында Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаевтың егер қажеттілік туындаса, шабуылға ұшыраған дәрігерлерге мемлекет тарапынан психологиялық көмек көрсетілетінін жеткізді. Ол сондай-ақ, Қазақстанда медицина қызметкерлеріне қызметтік міндетін атқарып жүрген шақта 170-тен астам шабуыл тіркелгенін еске салды.

дәрігер Денсаулық сақтау министрлігі зардап медик медицина шабуыл

Оқылып жатыр

Ипотеканы зейнетақы жинағымен өтеу тәртібі 31 қаңтардан бастап өзгереді

Жаңаөзенде ер адам дәрігерді пышақтап өлтірді

Қандай мамандық иелері ең жоғары жалақыны алады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024840 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024436 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Ипотеканы зейнетақы жинағымен өтеу тәртібі 31 қаңтардан бастап өзгереді

Жаңалықтар 29 января, 2026

Астана. 29 қаңтар. BM.KZ – Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына…

Анна Данилина жұптық сында финалға жолдама алды — Australian Open

29 января, 2026

Астанада жол апатынан екі адам көз жұмды – қылмыстық іс қозғалды

29 января, 2026

Жаңаөзенде ер адам дәрігерді пышақтап өлтірді

29 января, 2026

Қандай мамандық иелері ең жоғары жалақыны алады

29 января, 2026

Шымкентте әйел адам пышақ жарақатынан мерт болды

29 января, 2026

Скляр Теңіздегі өртке байланысты алаңдаушылық білдірді

29 января, 2026

Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды

29 января, 2026

Руслан Желдібай қызметінен босатылды

29 января, 2026

Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы түрмеге тоғытылды

29 января, 2026

Алматыда 16 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

29 января, 2026

Астанада қызылшамен ауырған балалардың басым бөлігі вакцина алмаған

29 января, 2026

Елордалық оқушыларға «Заң мен тәртіп» қағидаты түсіндірілді

28 января, 2026

ІІМ: Шетел азаматтарының заңсыз келуін ұйымдастырған адамдар қамауға алынды

28 января, 2026

Қызылордада мемлекет қорғауындағы ағаштарды заңсыз кескен күдіктілер ұсталды

28 января, 2026

«Сақиналар әміршісіне» жауап: Қазақстан фэнтези жанрында фильм шығарады

28 января, 2026

Тоқаев: Қаржыны криптовалютаға айналдырып, шетелге шығару жағдайлары да азаймай тұр

28 января, 2026

Мыс, литий және сирек жер металдары: Қазақстан маңызды минералдарды жеткізетін жетекші елдердің қатарына қосыла алады

28 января, 2026

Павлодарда есірткіні супермаркет ұяшықтарына жасырып келген күдікті ұсталды

28 января, 2026

2025 жылы 16,8 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

28 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.