Астана. 29 тамыз. BM.KZ – Александр Бублик қатарынан 10-шы жеңісіне қол жеткізіп, US Open турнирінің үшінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды Sports.ru.
Ол Тристан Шулкэйтаны 2 сағатқа жетпейтін уақытта 6:3, 6:3, 6:3 есебімен ұтты.
Қазақстандық теннисші Нью-Йорктегі үздік нәтижесін қайталады. 2019 жылы да ол үшінші кезеңге дейін жеткен еді.
Жалпы, Бублик «Үлкен дулыға» турнирінде 1/16 финалға жеткен нәтижесін жетінші рет қайталап отыр. Келесі ойында ол Томми Полмен немесе Нуну Боржеспен кездеседі.
Еске сала кетейік, алғашқы айналымда Александр Бублик 2014 жылғы US Open чемпионы Марин Чиличті (ATP рейтингінде – 62) 6:4, 6:1, 6:4 есебімен ұтқан болатын.
