ChatGPT-дің қазақша нұсқасы желтоқсан айында іске қосылмақ
Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қазақ тіліндегі мәтіндер мен сапалы аудармаларды жинап, қазақ тілі корпусы құрылып жатқанын айтты.
Министрдің сөзінше, өнім барлық қызығушылық танытқан стартаптар мен IT-компанияларға қолжетімді болады. Олар қазақстандық нейрондық желіні өз өнімдеріне енгізе алады дейді.
Қазақша нұсқаны әзірлеумен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Назарбаев Университеті және нарық сарапшылары айналысады екен.