• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Cуға батқан халық пен батпайтын әкімдер

Cуға батқан халық пен батпайтын әкімдер

27 марта, 2024 Басты тақырып

 

Қалың қардың еріп, су тасқыны алу қаупі бар деп айтылғалы айлар өтті. Барлық деңгейдегі әкімдер әскери парадты қабылдаған генералдай қаз-қатар тізіліп тұрған техникалар мен бар-жоғын киіп алған өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен жол жөндеушілердің баянаттарын қабылдап фото, видеоға түсіп, жылы кабинеттеріне кіріп кетті. Жарияланған видео, фотода Қазақстанның барлық өңірлерінің су тасқынына сақадай екенін көрсеткендей болды. Ал кешеден бері еліміздің түкпір-түкпірінен жандауыстары шыққан халықтан бейнеүндеулер, фотолар бүкіл әлемжеліні жаулап кетті. Атап айтқанда, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола өңірлерін су басты. Мәселенің ушыққаны сонша Астанаға іргелес, Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылында тұрғындар Павлодар-Астана тас жолын жауып тастамақ болды. Әкімнен бұрын жеткен полиция, ОМОН қызметкерлері арасында кикілжін туа жаздады. Жағдайдың ушыққанын енді түсінген Целиноград ауданының әкімі Бақытбек Оспанбеков пен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы екеуі келді. Бұл айғай Астанадағы Мәжіліске дейін жетті. Бүгін депутат Сергей Пономарев вице-премьердің бірінші орынбасары Роман Склярдың атына сұрау жолдады. Дәл осы уақытта жаңадан тағайындалған Үкіметбасы Роман Скляр мен төтенше жағдайлар министрінің «барлығы бақылауда» деген баяндамаларын тыңдап, мәселені жылы жауып қоя салды. Ал өңір әкімдері өздерін емес, тұрғындарды айыптап әлек болуда. Үй салғанда фундаменттерін биік етіп салмаған дейді. Күлесіңбе? Жылайсың ба?

Депутат бүкіл ел бойынша су тасқыны жүріп жатқанын айтып, ең көп зардап шеккен өңірлерді атап өтті. «Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Астана маңындағы Қоянды ауылында үйлерді су басты. Қостанай облысында бірнеше ауыл су астында қалады. Кей жерлерде мектептермен балабақшаларға су кірді. Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл, Катонқарағай және Алтай аудандарында қар биіктігі екі метрге жетті» деді. Қыстай түскен қарды уақытында тазаламағандықтан орын алған төтенше жағдайға жауапты әкімдер де, Үкіметте үнсіз. Пономарев өз сөзінде «Үш апта бұрын Мәжілістегі депутаттар ескертіп айтып еді. Мыңқ еткен ешкім болмады. Су келетін бөгеттер мерзімінде бекітілмеген, суағарлар бітеліп қалған. Нәтижесінде 217 елді мекенді су басып, 86 мыңнан астам үй су астында қалды» деді. Бірақ бұл сандар облыс әкімдері мен Үкімет үшін түк емес сияқты. Ақтөбеде әуежайды су басты, көпір құлады. Әкімі үнсіз. БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласының әкімдігіне су кіріп келгенде ғана камуфляжын киіп атып шықты. Осы жолғы су тасқынына жалғыз жауапты Орал қаласының әкімі Миржан Сәтқанов ғана сияқты. Мектептер мен ауылдарға барғанда әдемі сөйлейтін Ақмола облысының су жаңа әкімі Марат Ахметжановта халықтың үмітін ақтай алмай отыр деседі. Тағайындалғанына аз уақыт болса да облысқа көзге көрінердей жұмыс жасай алмады. Орынбасарлары мен аудан, қала әкімдерінің баяндамаларына сенген әкім мырза жылы кабинетінен шығып, су алып жатқан елді-мекендерді аралауға шамасы келмей-ақ тұр. Ал Қостанайдың облыс әкімі Амангелді кентін толығымен су алып кетсе де үнсіз отыруды жөн санауда. Өрт шықса да беттері бүлк етпейтін басшылары бар өңір халқының ертеңін елестетудің өзі қиын. Халықпен бірге болып, нақты іс жасайды деп үміттенген Президентке сөз келтірген  әкімдер Ақ орданың ақ кілеміне қашан шақырылар екен?

Baimedia.kz

Оқылып жатыр

Сенат «ЛГБТ насихатына тыйым салуды» көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Пара алған Хромтау әкімі 12 млн теңге айыппұл төлейтін болды

Венесуэла БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі төтенше отырысын өткізуді сұрады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Сенат «ЛГБТ насихатына тыйым салуды» көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Басты тақырып 18 декабря, 2025

Астана. 18 желтоқсан. BM.KZ — Парламент Сенаты «ЛГБТ насихатына тыйым салуды» көздейтін заң жобасын бірінші…

Пара алған Хромтау әкімі 12 млн теңге айыппұл төлейтін болды

18 декабря, 2025

17 млн ауған азаматына аштық қаупі төніп тұр

18 декабря, 2025

Венесуэла БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі төтенше отырысын өткізуді сұрады

18 декабря, 2025

Алматы – Бангкок рейсі техникалық себеппен Делиге қонды

18 декабря, 2025

Ресейде жасөспірім тәжік баласын пышақтап кеткен: Тәжікстан СІМ мәлімдеме жасады

18 декабря, 2025

Ақшаны құмар ойынға жұмсаған: көпбалалы ана бірнеше адамды алдап, 35,4 млн теңге иемденген

18 декабря, 2025

Қазақстан-Жапония: Токиода жалпы құны 3,7 млрд доллардан асатын келісімдерге қол қойылады

18 декабря, 2025

Ауа райына байланысты еліміздің 14 өңірінде ескерту жарияланды

18 декабря, 2025

Шымкентте елден тендерге деп ақша жинаған интернет-алаяқ сотталды

18 декабря, 2025

Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі

17 декабря, 2025

Ұлыбританиялық акционер Air Astana-дағы үлесін сатпақ

17 декабря, 2025

Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды

17 декабря, 2025

Дәрігерді соққыға жыққандарға жаза күшейтілді — Мәжіліс

17 декабря, 2025

Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды

17 декабря, 2025

Жеке меншік мектептер дауы: 60 орындық мектепке 600 оқушының ақшасы бөлініп келген

17 декабря, 2025

11 айда экономика өсімі 6,4 пайыз болды – Серік Жұманғарин

17 декабря, 2025

Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 96 жасқа толды

17 декабря, 2025

ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Автомобилисттен» басым түсті

17 декабря, 2025

Режиссер Роб Райнер мен әйелінің өлімі: ортаншы ұлы күдікке ілінді

17 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.