Астана. 1 желтоқсан. BM.KZ — Алматылық «Қайрат» футбол клубының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев швециялық Score90 порталының нұсқасы бойынша 2008 жылы туған әлемнің ең үздік бес футболшысының қатарына кірді.
Score90 порталы құрастырған беделді рейтингке 17 жастағы алматылық шабуылшы еніп, дүние жүзі бойынша 2008 жылы туған ең мықты бес ойыншының бірі атанды.
Ол бұл тізімде «Бавария», ПСЖ және «Ливерпуль» ойыншыларымен қатар тұр:
- Леннарт Карл («Бавария»);
- Ибраим Мбайе (ПСЖ);
- Рио Нгумоа («Ливерпуль»);
- Онест Аанор («Аталанта»);
- Дастан Сәтпаев («Қайрат»).
