Біржан сал ауданының басқарып отырған Дастанбек Есжановты кеше Көдебас ауылының тұрғындарының ащы айқайы амалсыздан орнынан тұрғызды. Төтенше Жағдайлары қызметі (Бұрынғы Уәлиханов ауданына қарасты Южный ауылын) әрең дегенде тауып барыпты «түннің бір уағында». Биылғы жылы көдебастықтарға оңай болмапты. «Біраз жылқы қырылды, бар жоғы 25 үй бар. Су жоқ. Жол жоқ. Қысқа кезінде дүрілдеп тұрған ауылдың шамы сөнуге жақын. Қаладан жұмыс іздемей, ауылда тұрақтап жан бағып отырмыз. Ауыл әкімі Нұрбек Шакиров деген азамат екен. Уәлихан селолық округіне қарайтын ауылға, ауыл әкімі жарты жылдан бері мүлдем ат ізін салмаған. Өйткені «биылғы соңғы жыл…» келер жылы әкім болмайтын да шығар,-дейді Досымбек есімді көдебастық тұрғын. Біржан сал ауданының әкімі Дастанбек Есжанов, Көдебас ауылына барыпты. Жағдаймен танысыпты. Атасы тегін «жел сөзбен» ақыл айтыпты. Ауыл тұрғыны қарт әжеміз, аудан басшысына мұң-мұқтажын айтып жатыр «тіпті аудан әкімін танымайды да» Президент Билік пен Бұқараның арасында «ортақ диалог» болуы керек «Еститін Қазақстан» деп айтқан болатын-ды. Бірақ, Мемлекет басшысының сөзін Д. Есжанов естімеген білем. Су басуға шақ қалған ауылға әйтеуір барып көріне салайын деген болар ауыл тұрғындарының сөзін үнсіз тыңдап «бас изеп» тұр. Қысқасы «өйту мен бүйтумен» Дастанбек Есжанов көлігіне мініп кете барған. Ал ауылдағы ахуалды шешіп беремін деген аузынан ешқандай сөз шықпаған. Ал тұрғындар аудан басшысының ниетінің жоқтығын көріп, амалдап қарғын суды бөгеуге білек сыбана кіріскен. Техника жоқ. Жолы жоқ. Интернет жоқ. Ауызсу жоқ. Шешімін таппаған күрделі мәселелер көп. Бір сұмдығы биылғы қыста осы ауылдың біраз жылқысы қырылып қалыпты. Жем-шөптің жоқтығынан… Ал енді со-нау совет заманында салынған аудан мен ауылдың ортасындағы жалғыз күре жолды «қарғын су» шайып кетті. Көліктер ауылға кіре алмай далада тұр,-дейді Досымбек есімді азамат. Ал біз болсақ «ауыл әкіміне» хабарласқан жоқпыз. Өйткені, аудан басшысы «шеше алмаған мәселені» ауыл әкімі шешуі екіталай шығар!?
Бурабайдың Жеңісі