Астана. 22 қазан. BM.KZ – Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «2026 — 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Осы орайда палатаның Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысында ең төменгі жалақының мөлшерін көтеру ұсынылған.
— Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарын ескере отырып әзірленген ең төмен жалақыны айқындаудың жаңа әдістемесін қабылдауға байланысты (Мәжілістің) Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ең төмен жалақының мөлшерін 85 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін ұлғайту жағына қарай қайта қарау қажет деп есептейді, — делінген Мәжіліс комитетінің ақпаратында.
