• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Десанттық-шабуылдау әскерлерінде бір айда 100-ден астам дрон шығарылады

Десанттық-шабуылдау әскерлерінде бір айда 100-ден астам дрон шығарылады

22 января, 2026 Әскер
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Астана. 22 қаңтар. BM.KZ – Қазақстанның Десанттық-шабуылдау әскерлерінде ұшқышсыз авиациялық жүйелерді дамыту бағытында тұрақты ілгерілеу байқалады, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.

Бүгінде дрондарды жинақтау, баптау, сынақтан өткізу және оларды әскер бөлімдеріне тапсырудың толық циклі жолға қойылған. Ұшқышсыз авиациялық жүйелер бөлімшелері Десанттық-шабуылдау әскерлері құрамында екі жыл бұрын құрылған.

Осы уақыт ішінде әскери қызметшілер дрондарды практикалық қолдануды меңгеріп қана қоймай, оларды өз күшімен жинақтау мен жөндеу жұмыстарын да жолға қойды. Бұл әскердің ішкі қажеттіліктерінің едәуір бөлігін өз бетімен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Дрондарды жасау, жинау және жөндеу шеберханасы 2025 жылдың желтоқсанында жұмысын бастады. Онда арнайы дайындықтан өткен келісімшарт негізіндегі әскери қызметшілер қызмет етеді. Жақында мұнда жүзінші ұшқышсыз ұшу аппараты құрастырылды.

Барлық дрондар міндетті түрде бақылау сынақтарынан өткізіліп, кейін әскери бөлімдерге тапсырылуда. Мамандардың айтуынша, бұл бағытты дамыту қазіргі заманғы соғыс жүргізу талаптарынан туындап отыр. Қазіргі қарулы қақтығыстарды талдау ұшқышсыз аппараттардың барлау, атысты түзету және бөлімшелерді басқарудағы рөлінің артқанын көрсетеді.

Биыл Десанттық-шабуылдау әскерлерінің оқу орталығы базасында ҰҰА операторларын даярлау басталады. Оқытуды арнайы курстардан өткен, әртүрлі үлгідегі дрондарды қолдану тәжірибесі бар нұсқаушылар жүргізеді. Ұшқышсыз авиациялық жүйелер бөлімшелері «Десант-2025» оқу-жаттығулары барысында алғашқы «жауынгерлік сынақтан» өтті. Олар әуе барлауын жүргізіп, авиация мен артиллерияның атысын түзетті, соққы беруге қатысып, бөлімшелерді нақты уақыт режимінде басқаруды қамтамасыз етті.

Қазіргі таңда Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қару-жарағында отандық және шетелдік өндірістегі тактикалық ұшқышсыз авиациялық жүйелер бар. Бұл бағытты одан әрі дамыту, жаңғырту және жетілдіру жұмыстары жоспарлы түрде жалғасып келеді.

Әскер дрон ҰҰА

Оқылып жатыр

Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге көлемінде дивидендтер заңсыз төленген

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

Қазақстандық ұшақтар Иранды айналып ұшатын болады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024839 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024436 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге көлемінде дивидендтер заңсыз төленген

Жаңалықтар 27 января, 2026

Астана. 27 қаңтар. BM.KZ – ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті профилактикалық бақылау барысында…

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

27 января, 2026

Қазақстандық ұшақтар Иранды айналып ұшатын болады

27 января, 2026

Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды

27 января, 2026

Бағалар күрт өсті, халық наразы: Қазақстан экономикасында не болып жатыр?

27 января, 2026

Олжас Бектенов Kazakh Tourism басшысына: Нәтиже болмаса, қоштасамыз

27 января, 2026

Қарашығанақ операторлары Қазақстанға 4 млрд доллар өтемақы төлеуі мүмкін

27 января, 2026

Өңірлер әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгері егісін ұлғайтады

27 января, 2026

Оралда 16 жастағы жасөспірім алты күннен бері іздестіріліп жатыр

27 января, 2026

Геннадий Головкин Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

27 января, 2026

Семейде ер адам полицейлердің екі көлігін өртеп жіберген

27 января, 2026

Үндістанның ірі әуе компаниясы Алматыға рейстерін тоқтатты

27 января, 2026

Мемлекет басшысы: тәртіпсіздік пен заңсыздыққа жол беруге болмайды

26 января, 2026

Қазақстанда Нипах вирусына байланысты санитарлық бақылау күшейді

26 января, 2026

Алматыда дәрігерлер жүкті әйелдің жүрегіне ота жасады

26 января, 2026

Атырауда күкіртсутек мөлшері рұқсат етілген деңгейден 36 есе асып кетті

26 января, 2026

Жарқанаттар, жанаттар, жыландар: 2025 жылы тағы қандай жануарлар құтқарылды

26 января, 2026

4,5 млрд теңге залал: фармацевтика саласында ірі қылмыс жасаған тұлғалар ұсталды (ВИДЕО)

26 января, 2026

Футболдан Еуропа чемпионы «Ақтөбе» футбол клубында ойнайды

26 января, 2026

ІІМ: әлеуметтік желідегі танысу туралы жазбалардың артында алаяқтар тұруы мүмкін

26 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.