Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — Қазақстандық маман Дмитрий Огай қарағандылық «Шахтер» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды.
65 жастағы Дмитрий Огай футболшы, сондай-ақ бапкер ретінде де кеңінен танымал.
Ол «Ертіс» (Павлодар) клубымен бірге екі дүркін Қазақстан чемпионы атанды.
Енді Д.Огайдың басты мақсаты – «Шахтерді» Премьер-лигаға шығару. Биыл қарағандылықтар Бірінші лигада төртінші орынға табан тіреп, жолдамадан тыс қалды.
«Шахтер» клубы өз тарихында екі рет Қазақстан чемпионы атанды. Сондай-ақ қазақстандық командалар арасынан алғаш рет 2013-2014 жылғы маусымда Еуропа лигасының топтық бәсекесінде өнер көрсетті.
