Ташкентте дзюдодан Grand Slam турнирінің соңғы жарыс күнінде Қазақстан спортшылары жүлдесіз қалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
90 келі cалмақ дәрежесінде Құдырет Досымов, Айдар Арапов екінші кезеңде ұтылды. 100 келіде Нұрлыхан Шархан, Бекзат Шағатаев алғашқы айналымнан аса алмады.
Аса ауыр салмақта Ерасыл Қажыбаев пен Ғалымжан Қырықбай да қарсыластарға есе жіберді.
Осылайша бұл жарыстағы Қазақстан командасының жалғыз жүлдесі 48 келідегі Абиба Әбужақыноваға тиесілі.