«Екібастұзды дамыту 3 ірі бағытқа жүргізіледі. Олар – энергетика, металлургия және темір жол өнімдерін өндіру кластерлері. Энергетика саласын дамыту — Екібастұз ГРЭС-терінің қуаттылығын арттырумен байланысты. Металлургия саласында Индустриалды аймақ құру туралы шешім қабылданып, серіктес ретінде «Mineral Product» кәсіпорны тартылды», — деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.
Оның атап өтуінше, аталған зауыттардың құрылысы кезінде 800 жұмыс орны, ал пайдалану кезеңінде 4 мың жұмыс орны ашылады. Оған 100 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылады. Бұл салада іске қосылатын басқа да жобаның есебінен 1 200 жұмыс орны құрылады.