Экологиялық қалалар және жаңа әлеуметтік нысандар: Үкімет Астана агломерациясын дамыту жоспарын қарастыруда.
Қазақстанда елорда мен Ақмола облысының даму жоспарларын сәйкестендіретін бірыңғай қала құрылысы саясаты әзірленетін болады.
Үкімет отырысында Астана агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары қаралып жатыр.
Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша
10 жыл ішінде елорда тұрғындарының саны 46%-ға артқан.
Болжам бойынша, 2035 жылға қарай Астанада 2,3 млн адам тұрады.
Бізге жазылыңыз:
https://t.me/baimedia