Астана. 9 қаңтар. BM.KZ — Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбенде өтіп жатқан WTA турнирінің ширек финалында чехиялық теннисші Каролина Муховаға есе жіберді.
Кездесу үш сетке созылып, тартысты өтті. Алғашқы партияда Рыбакина өз ойынын таба алмай, 2:6 есебімен жеңілді. Екінші сетте қазақстандық теннисші мінез көрсетіп, 6:2 нәтижесімен есепті теңестірді. Алайда шешуші үшінші сетте Мухова басым түсіп, 6:4 есебімен матчты өз пайдасына аяқтады.
Осылайша, Елена Рыбакина Брисбен турниріндегі өнерін ширек финалда аяқтады.
