Астана. 18 ақпан. BM.KZ — Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Дубай.WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады.
Жарыстың бірінші ракеткасы атанған Елена Рыбакина екінші айналымда әлемдік рейтингте 94-орында тұрған аустралиялық Кимберли Бирреллді айқын басымдықпен ұтты — 6:1, 6:2.
1 сағат 2 минутқа созылған кездесуде Рыбакина 6 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды. Ал қарсыласы небәрі 1 эйспен шектелді.
Ширек финал жолдамасы үшін қазақстандық теннисші әлемнің 67-ракеткасы, хорватиялық Антония Ружичпен кортқа шығады.
Айта кетейік, өткен жылы Рыбакина осы турнирде жартылай финалға дейін жеткен болатын.
