Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаев хабарлады.
Оның айтуынша, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі және дала аумағындағы өрттерді жою үшін ерікті өртке қарсы құралымдары тартылады.
«Ел аумағында барлығы 241 ерікті өртке қарсы құралымдары құрылды. Бұдан бөлек, әкімдіктер мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерді қорғау үшін өрт сөндіру бекеттерін құрады. Бүгінгі таңда республикада 720 өрт сөндіру бекеті құрылды», — деді спикер.