Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, соңғы аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы былайша өзгерген.
Бағасы өскендер: бірінші сұрыпты ұн – 0,9%, сары май – 0,3%, тауық еті (сан еті) – 0,5%, сәбіз – 1,4%, қант – 1,1%, тұз – 0,1%.
Арзандағандар: макарон өнімдері – 0,2%, күріш – 0,4%, қарақұмық – 1,2%, күнбағыс майы – 0,1%, жұмыртқа — 0,5%, картоп – 0,5%, пияз – 5,3%, қырыққабат – 0,8%.