Елімізде республикалық «Қайырымдылық керуені» акциясы басталды Бүгін Астана қаласындағы Достық үйінде Алғыс айту күніне орай телекөпір өтті. Ұйымдастырушылар барша қазақстандықтарға азаматтық және қызметтегі ерлігі үшін, этносаралық келісімді нығайту мен ел дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Жалпы телекөпірге 1000-нан астам адам қатысты. «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2015 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Қайырымдылық акциясының ұйымдастырушылары жыл бойы көп балалы, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіп, қарттар үйі мен балалар үйлерінде іс-шаралар ұйымдастырады. Бүгін аталған акция аясында Астана қаласындағы көп балалы екі отбасыға жаңа пәтер кілті табысталды. Бұл шапағаты мол іс-шара жыл соңына дейін жалғасады. Сонымен қатар «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді. Салтанатты іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Трендте
- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды