Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 306,8 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 96,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 210,4 млрд теңге жұмсалды.
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 343 мың адам.
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 346 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 810 теңге, базалық зейнетақы – 42 536 теңге.