АЭС салу не үшін қажет? ҚР Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалованың мәлімдеуінше, АЭС болашақта елімізді электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қажет. Сол себепті оң шешім қабылданған жағдайда 2 реакторы бар, қуаттылығы 2 200 МвТ атом электр стансасын салу қарастырылуда.
Ең бастысы – нысан салынса, қауіпсіз болуы керек Жиында сондай-ақ «Қазақстандық Атом электр станциялары» ЖШС-нің бас директоры Тимур Жантикин барлық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін реакторлардың таңдалатынын, Қазақстанда уран қоры мол болғандықтан, оны елімізде пайдаланудың маңызы зор екендігін жеткізді.